Аңдатпа

Мақалада Орта Азия елдеріндегі Aegilops L. туысы түрлерінің таралуы мен түрлік алуантүрлілігі туралы деректер ұсынылған. Далалық зерттеулердің материалдарына, әдеби деректерге және гербарий үлгілерін талдауға сүйене отырып, Орта Азияда аталған туыстың 6 түрі таралғаны көрсетілді (Aegilops cylindrica, A. crassa, A. tauschii, A. triuncialis, A. juvenalis). Aegilops kotschyi Boiss. түрі Өзбекстан флорасы үшін алғаш рет көрсетіліп отыр. Aegilops L. туысының түрлері мәдени бидайдың жабайы туыстары болып табылуымен қатар (бидай - негізгі азық-түлік дақылы), ерте көктемде жайылымдарда малмен де желінеді. Осы зерттеулердің нәтижелері флораны мониторингтеу және өңірлердің кадастрын жүргізу бойынша болашақ жұмыстарға негіз болады.

PDF (ағылшын тілі)