PDF (орыс тілі)

Кілт сөздер

жатыр мойны обыры
эпидемиология
Қазақстан Республикасындағы аурушаңдық
аймақтық ерекшеліктер
өлім-жітім көрсеткіштері

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАН БОЦЫНША ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. (2026). NATURA SCIENTIA JOURNAL, 2(1). https://doi.org/10.62687/NSJ.1.2.2026.16

Аңдатпа

Мақалада жатыр мойыны обырының (ЖМО) әлемдік деңгейдегі және Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайы қарастырылады. Қазіргі ғылыми деректер мен халықаралық ұйымдардың мәліметтеріне сүйене отырып, аурудың таралуы мен өлім-жітім көрсеткіштерінің әр елдегі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне, медициналық көмектің қолжетімдігіне және профилактикалық шаралардың ұйымдастырылуына байланысты екені талданады. Жатыр мойыны обырының дамуына әсер ететін негізгі себептердің бірі ретінде адам папилома вирусының жоғары онкогенді типтері, соның ішінде HPV-16 және HPV-18, ерекше орын алатыны көрсетіледі. Бұл вирустың ұзақ уақыт сақталуы жатыр мойны эпителийінде патологиялық өзгерістердің пайда болуына және кейіннен қатерлі ісікке айналуына әкелуі мүмкін. Қазақстандағы эпидемиологиялық мәліметтері талдау барысында аурушаңдық көрсеткіштерінің аймақтар бойынша әркелкі екені байқалады. Мұндай айырмашылықтар көбінесе профилактикалық тексерілуге қатысу деңгейімен, скринингтік бағдарламалардың тиімді ұйымдастырылуымен және медициналық қызметтердің қолжетімділігімен байланысты болуы ықтимал.

Мақалада жатыр мойны обырының алдын алуда ұйымдастырылған скринингтік бағдарламалардың, HPV-тестілердің және вакцинацияның маңыздылығы қарастырылады. Сонымен қатар, жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптсатырудың ұзақ мерзімді профилактикалық әсері талқыланады.

Жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстанда жатыр мойны обырының таралуын төмендету үшін ерте анықтауға бағытталған скринингті жетілдіру, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту және халықтың ақпараттану деңгейін арттыру маңызды екені көрсетеді.

PDF (орыс тілі)