PDF

Кілт сөздер

Petrosimonia triandra, галофит, ксеро-галофит, морфо-анатомия, экологиялық бейімделу, сортаң топырақ.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

 ОРТАЛЫҚ  ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН PETROSIMONIA TRIANDRA (PALL.) SIMONK ГАЛОФИТІНІҢ ЭКОЛОГО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ. (2026). NATURA SCIENTIA JOURNAL, 2(2). https://doi.org/10.62687/NSJ.2.2.2026.20

Аңдатпа

Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында топырақтың тұздануы кең таралған, бұл жағдай өсімдік жамылғысының құрылымына тікелей әсер етеді. Осындай экстремальды экологиялық ортада галофит өсімдіктер ерекше бейімделу механизмдері арқылы тіршілік етеді. Зерттеу жұмысының мақсаты – Орталық Қазақстан аумағында таралған Petrosimonia triandra (Pall.) Simonk. түрінің эколого-географиялық таралу заңдылықтарын және морфо-анатомиялық бейімделу ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында далалық геоботаникалық сипаттама, флористикалық талдау, микроскопиялық анатомиялық зерттеу және экологиялық-факторлық бағалау әдістері қолданылды. Нәтижесінде түрдің ксеро-галофиттік табиғаты, суккулентті паренхиманың дамуы, жапырақ редукциясы, қалың кутикула және тұз жинаушы вакуольдердің қалыптасуы анықталды. Алынған нәтижелер галофиттердің адаптациялық стратегияларын түсіндіруге және Орталық Қазақстанның сортаң экожүйелерін ғылыми тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.

PDF