Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның қазіргі Ұлытау облысы аумағында орналасқан Белеуті өзенінің турон флорасы қалыптасқан кездегі климаттық жағдайларды сандық реконструкциялау нәтижелері берілген. Палеоклиматтық талдау қазба өсімдіктердің ең жақын қазіргі туыстарының (NLR) климаттық диапазондарына негізделген Coexistence Approach әдісімен жүргізілді. Талдауға тоғыз NLR енгізіліп, олардың климаттық көрсеткіштері Palaeoflora Database, version 2024 деректер базасынан алынды. Реконструкция жеті климаттық параметр бойынша жүргізілді: орташа жылдық температура (MAT), ең суық (CMT) және ең жылы (WMT) айлардың орташа температурасы, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері (MAP), ең ылғалды (MPWET), ең құрғақ (MPDRY) және ең жылы (MPWARM) айлардағы жауын-шашын мөлшері. MAT 18,6–25,0 °C, CMT 8,1–19,8 °C, WMT 25,0–29,5 °C, MAP 585–1613 мм, MPWET 125–245 мм, MPDRY 3–43 мм және MPWARM 38–206 мм аралықтарында анықталды. Нәтижелер жылы климаттық жағдайларды және ылғалданудың маусымдық әркелкілігінің ықтималдығын көрсетеді. Сезімталдықты талдау Bauhinia sp. таксонының температуралық интервалдардың төменгі шекараларына елеулі әсер ететінін көрсетті: оны есептеуден алып тастағанда MAT 13,8 °C-қа, CMT 1,8 °C-қа, WMT 19,3 °C-қа дейін төмендейді, ал жауын-шашын көрсеткіштері өзгеріссіз қалады. Алынған нәтижелер турон кезеңіндегі Орталық Қазақстанның континенттік палеоклиматы туралы түсініктерді толықтырады.

PDF (орыс тілі)

Әдебиеттер тізімі