Солтүстік Қазақстанның орманды-дала белдеуіндегі қылқанды ағаштардың өсу ерекшеліктері: дендрохронологиялық тәсіл
DOI:
https://doi.org/10.62687/NSJ.1.1.2025.8Кілт сөздер:
дендрохронология, радиалды өсім, қылқан жапырақты түрлер, орманды-дала аймағы, климаттың өзгеруі, экожүйе, жылдық шеңберлер, Солтүстік Қазақстан, экологиялық мониторинг, орман тұрақтылығы.Аңдатпа
Аннотация. Бұл мақала Қазақстанның орманды-дала экожүйелеріндегі климаттық өзгерістер мен антропогендік ықпал жағдайларында ағаш түрлерінің радиалды өсімі динамикасына арналған заманауи ғылыми зерттеулерге шолу ұсынады. Зерттеудің әдістемелік негізі ретінде климаттық факторлар, топырақтың экологиялық жай-күйі мен ағаш өсімдіктерінің биологиялық реакциялары арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік беретін дендрохронологиялық тәсілдер қарастырылады. Отандық және шетелдік әдеби дереккөздерге талдау жасау негізінде ағаштардың радиалды өсімі температураның өзгеруі, құрғақшылық, ауыр металдармен ластану және басқа да стресстік факторларға сезімтал екені көрсетілген. Древесиналық сақиналарды талдаудың негізгі әдістері, соның ішінде ARSTAN және TSAP бағдарламалық құралдары, сондай-ақ дендроклиматологияда қолданылатын статистикалық модельдер сипатталады. Зерттеу нәтижелері орман экожүйелерінің тұрақтылығын зерделеуде кешенді пәнаралық көзқарастың маңыздылығын және Қазақстанда орнықты орман пайдаланудың бейімделу стратегияларын әзірлеу үшін дендроэкологиялық зерттеулерді кеңейту қажеттілігін көрсетеді.