«Natura Scientia Journal» журналы жылына 4 рет электронды және баспа форматында шығарылады.
«Natura Scientia Journal» журналы биология саласындағы ғылыми зерттеулерді жариялауға және таратуға арналған халықаралық алаң болып табылады.
Мақсаты – жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми және қолданбалы әлеуетті дамыту, инновацияға бағытталған зерттеулерді қолдау және жаһандық өзгерістер жағдайында басқарудың тиімді модельдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
· Бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарға жіберілмеген түпнұсқа, жоғары сапалы ғылыми мақалаларды жариялау.
· Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасын және жарияланым этикасының халықаралық танылған стандарттарын сақтау.
· Биология саласындағы соңғы жетістіктер мен зерттеу тенденцияларын қамту.
Журналдың тақырыптық бағыты: биология.
«Natura Scientia Journal» журналында жариялау үшін журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және қолжазбаны ресімдеу талаптарына қатаң сай ресімделген, авторлары бұрын жарияланбаған қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі мақалалар қабылданады.
Журналдың ғылыми мақалаларында аннотация, түйінді сөздер және авторлар туралы ақпарат міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Авторлар туралы ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды: жарияланым авторының (-ларының) тегі, аффилиациясы, ел атауы және мекен-жайы, негізгі автор белгіленіп, e-mail және ORCID үш тілде көрсетіледі.
Ғылыми мақаланың қолжазбасы редакциялық алқаға жауапты автор (2 және одан да көп тең авторлар болған жағдайда авторлар ұжымы арасынан айқындалған) арқылы журналдың келесі нөмірі шыққанға дейін кемінде екі ай бұрын ұсынылады. Қолжазба мақаланың барлық метадеректері және авторлары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, жауапты автор тарапынан электрондық платформа арқылы жүктеледі.
Автор(лар) редакцияға бұрын басқа басылымдарда — баспа, электрондық және өзге де ашық көздерде — жарияланбаған түпнұсқа жұмысты ұсынуы тиіс.
Журналдың редакциялық алқасы автор(лар)дан келіп түскен қолжазбаларды қарайды, рецензиялауды ұйымдастырады және қолжазба электрондық платформа арқылы келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жариялау не жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қолжазбаны плагиатқа тексеру
«Natura Scientia Journal» редакциялық алқасы қолжазбаны белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарастыру барысында оның мәтінінде плагиат белгілерінің бар-жоғын StrikePlagiarism (Plagiat.pl) жүйесі арқылы тексереді.
Түпнұсқа болып табылатын және/немесе антиплагиат жүйесі арқылы тексеру нәтижесі бойынша бірегейлік деңгейі 75 %-дан жоғары қолжазбалар одан әрі рецензиялауға жіберіледі.
Егер қолжазба журналдың ресімдеу талаптарына сәйкес келмесе және плагиатқа тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқа жұмыс деп танылмаса, онда қолжазба тиісті түзетулер енгізу және редакциялық алқаның қарауына қайта ұсыну үшін журналдың электрондық платформасы арқылы авторға кері қайтарылады.
Егер авторлар қолжазбаны дайындау барысында басқа зерттеушілердің еңбектерін, мақалаларын, ғылыми қағидаларын, дәйексөздері мен тұжырымдарын пайдаланған болса, онда олар міндетті түрде сол авторлардың еңбектеріне сілтеме жасап, дәйексөз келтірілген мәтінді талапқа сай дұрыс рәсімдеуі тиіс.
Баспа үдерісіне қатысатын тұлғалар, әсіресе «Natura Scientia Journal» журналының редакциялық алқасының мүшелері, ғылыми жарияланымдардың жоғары сапасын қамтамасыз ету, жарияланым қызметіндегі сенімсіз тәжірибелердің, соның ішінде шынайы емес мәліметтерді пайдалану, деректерді бұрмалау және өзге де бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ ғылыми жетістіктердің қоғам тарапынан мойындалуын қамтамасыз ету мақсатында осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған халықаралық қауымдастықта қабылданған қағидаттарды сақтауға міндеттенеді.
Егер «Natura Scientia Journal» журналында жарияланған мақалада ғылыми этиканың қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын бұзудың дәлелденген фактісі немесе фактілері анықталса, редакциялық алқа аталған мақаланы жарияланған нөмірден және журналдың ресми веб-сайтынан алып тастауға (мақаланы ретракциялауды жүзеге асыруға) міндеттенеді. Сонымен қатар автор(лар)дың ғылыми этиканың қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын нақты қандай түрде бұзғаны міндетті түрде көрсетіліп, бұл туралы тиісті хабарландыру журналдың келесі санында және журнал сайтындағы «Хабарландыру» бөлімінде жарияланады.
Лицензиялау шарттары
Осы журналда жарияланатын мақалалар Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License лицензиясы негізінде қолжетімді болады. Аталған лицензия материалдарды тек коммерциялық емес мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. Осы лицензияға сәйкес пайдаланушылар авторлық құқықпен қорғалған материалды көшіруге және таратуға құқылы, алайда оны өзгертуге, өңдеуге немесе коммерциялық мақсатта пайдалануға жол берілмейді. Лицензиялау шарттары туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/
Пайдаланушының құқықтары
Пайдаланушыларға мақаланы авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, коммерциялық емес мақсатта тегін пайдалануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, пайдаланушыларға туындыға қандай да бір өзгерістер енгізуге, өңдеуге немесе оның тұтастығын кез келген түрде бұзуға тыйым салынады. Материалды коммерциялық мақсатта пайдалану үшін пайдаланушылар мұндай пайдалануға рұқсат беретін жеке лицензия алу мақсатында құқық иесімен байланысуы қажет.
Автордың құқықтары
Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын толық сақтайды және журналға мақаланы алғашқы жариялау құқығын береді. Сонымен қатар, жұмыс Creative Commons Attribution (CC BY-NC-ND 4.0) лицензиясы негізінде лицензияланады, бұл басқа тұлғаларға авторлықты және осы журналдағы бастапқы жарияланымды міндетті түрде көрсете отырып, еңбекті оқуға, жүктеп алуға, тегін көшіруге және таратуға мүмкіндік береді.
Авторлар жарияланған еңбектің нұсқасын ерекше емес негізде таратуға қатысты жеке шарттық келісімдер жасау құқығын сақтайды (мысалы, оны институционалдық репозиторийде орналастыру, кітапта жариялау), алайда мұндай жағдайда осы журналдағы бастапқы жарияланымға міндетті түрде сілтеме берілуі тиіс.
Сондай-ақ авторлар өз жұмыстарын Интернет желісінде (мысалы, институционалдық репозиторийде немесе жеке сайтында) журналдағы рецензиялау үдерісіне дейін және рецензиялау барысында орналастыруға құқылы, себебі бұл ғылыми қауымдастықта өнімді пікірталасқа және мақалаға жасалатын сілтемелер санының артуына ықпал етуі мүмкін.
Мұрағаттау
Журнал 2025 жылдан бастап баспа және электрондық форматта жарық көріп келеді. Журналдың барлық электрондық сандары журнал сайтының «Мұрағат» бөлімінде сақталады.



