Мақаланы рәсімдеу ережелері
Құрметті авторлар!
Natura Scientia Journal электрондық ғылыми журналының Astana International University ЖШС базасындағы редакциясы журналдың мақсаты мен ғылыми деңгей талаптарына сәйкес келетін, бұрын жарияланбаған мақала қолжазбаларын қарастыруға қабылдайды. Сондай-ақ автор(лар) электрондық форматтағы ілеспе құжатты қоса жолдауы тиіс.
Мақала қолжазбасы редакцияға ТЕК журнал сайтының интерфейсі арқылы онлайн жүктеу жолымен жіберіледі. Ол үшін журналдың https://nsj.aiu.kz сайтындағы «Тіркелу» бөліміне тіркелу қажет немесе тіркелуі бар болған жағдайда «Кіру» батырмасын басып, бос жолдарға «Пайдаланушы аты» мен «Құпиясөзді» енгізу арқылы жүйеге кіру керек (мақалаларды жіберу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Талаптарға сәйкес рәсімделген мақала мәтіні «Мақаланы жіберу» бөлімінде электрондық форматта (doc, docx, rtf кеңейтімдерімен) жүктеледі. Әрбір автор журнал сайтында тіркеліп, жүйеге кіру үшін өзінің логині мен құпиясөзін сақтауы қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: сайтқа қарастыру үшін жүктелмеген мақалалар қабылданбайды. Редакторлардың жеке электрондық поштасына немесе журналдың электрондық поштасына жіберілген мақала мәтіндері қарастырылмайды.
Авторлар міндетті түрде Open Journal Systems немесе Editorial Manager жүйесіндегі ілеспе хатта ұсынылып отырған қолжазбаның бұған дейін еш жерде жарияланбағанын және онда басқа еңбектерден тиісті сілтемесіз алынған мәтін фрагменттері жоқ екенін көрсетуі тиіс.
Қолжазбаның түпнұсқалығы алдын ала StrikePlagiarism жүйесінде тексеріледі, бірегейлік деңгейі 75 пайыздан (%) жоғары мақала мәтіні құпия рецензенттерге жіберіледі. Автор(лар) журналдың ашық жүйесі сайты арқылы құпия рецензенттің пікірлерін қадағалап, рецензенттердің ескертулеріне сәйкес мақаланы түзете/толықтыра алады. Сондай-ақ автор Open Journal Systems сайтындағы жеке кабинеті арқылы оң қорытынды туралы ақпарат ала алады. Егер мақала жариялауға ұсынылмаса, редакция авторға уәжді бас тарту хатын жібереді.
Авторлар келтірілген тарихи дереккөздердің, дәйексөздердің, статистикалық және социологиялық мәліметтердің, жалқы есімдердің, географиялық атаулардың және өзге де мәліметтердің іріктелуі мен шынайылығы үшін жауапты болады.
1. Мақала қолжазбаларын рәсімдеу ережелері:
1.1 Мақала көлемі: қолжазбалар көлемі кемінде 3000 және 7000 сөзден аспайтын мөлшерде қабылданады (А4 форматы, негізгі мәтін қарпі – Times New Roman, жоларалық интервал – 1, абзац шегінісі – 1 см, негізгі мәтін қарпінің өлшемі – 12, түйінді сөздер, әдебиеттер тізімі – 9, кесте мәтіні – 9).
1.2 Жиектері: сол жақтан – 3 см, оң жақтан – 1 см, төменнен және жоғарыдан – 2 см.
1.3 Негізгі мәтін Microsoft Word редакторында теріледі.
1.4 Жақшалар әдеби дереккөздерді көрсету үшін қолданылады, мысалы: (Аскарова, 2023: 97).
1.5 Стиль бірізділігін сақтау үшін мәтінде қаріптік ерекшелеулерді (курсив, асты сызу және т.б.) қолданбаңыз.
1.6 Кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. кезекпен нөмірленеді, тақырыптық иллюстрацияның астына ортаға тураланып (14 кегль, қалыпты) беріледі (мысалы, Кесте 1 – Кесте атауы (егер қолжазба қазақ және орыс тілдерінде жазылса, ағылшын тіліндегі аудармасы тік жақшада [...] көрсетіледі)). Егер мақалада бір ғана сурет болса, ол нөмірленбейді. Кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. мақала көлемінің 20%-ынан аспауы тиіс (аса қажетті жағдайда – 30%).
2. Мақаланың құрылымы:
1. ХҒТАР нөмірі – Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат рубрикаторы, туралануы – сол жақ шеті бойынша, қарпі – қалың;
2. Мақала атауы (тақырып) мақаланың мәні мен мазмұнын көрсетуі және оқырманның назарын аударуы тиіс. Атауы қысқа болуы керек. Тақырыптың оңтайлы ұзындығы – 5–7 сөз (кейбір жағдайларда 9–10 сөз). Мақала атауы орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде берілуі тиіс. Мақала атауы қалың қаріппен, кіші әріптермен, ортаға тураланып беріледі;
2.3 Мақала автор(лар)ы туралы мәліметтер:
· авторлардың тегі, аты, әкесінің аты (толық) кіші әріптермен, қалың қаріппен, ортаға тураланып жазылады, ал хат-хабар алмасуға жауапты автор жоғары индекс түріндегі жұлдызшамен (*) белгіленеді;
· жұмыс орны (аффилиациясы): ұйымның атауы, мекенжайы (халықаралық стандартқа сәйкес рәсімделеді: үй нөмірі, көше, пошталық индексі бар қала, ел). Егер авторлар бірнешеу болса, жоғары индекс таңбаларымен (1, 2, 3) белгіленеді;
· ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы;
· ORCID id (зерттеушінің бірегей идентификаторы), e-mail.
2.4 Аннотация көлемі кемінде 150–200 сөз болуы тиіс. Аннотация құрылымы мынадай МІНДЕТТІ тармақтарды қамтиды:
· зерттеу тақырыбы туралы кіріспе сөз;
· мақсаттары мен міндеттері;
· нәтижелер;
· қорытынды.
2.5 Түйінді сөздер – 5–7 сөз көлемінде;
2.6 Алғыс. Егер мақала ғылыми қордың қаржылық қолдауымен немесе ғылыми жоба аясында орындалса, қаржыландырушы ұйым туралы мәліметтер, жобаның атауы және қаржыландыру бағыты (базалық, гранттық немесе нысаналы-бағдарламалық және т.б.) көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі (ОГРН) беріледі; сондай-ақ автор(лар) қалауы бойынша мақала қолжазбасын дайындау кезінде кеңес берген консультанттарға және т.б. алғыс білдіре алады.
2.7 Дәйексөз келтіруге арналған блок: автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты. Мақала атауы. Natura Scientia Journal электрондық ғылыми журналы. Жылы. Т. №. Б. мақала тілі (қаз.); (журналдың болжамды нөмірі) DOI: 80.12586/4555-5577.
Назар аударыңыз! Мақала құрылымындағы көрсетілген бөлімдер — ХҒТАР, мақала атауы, авторлар туралы мәліметтер, аннотация және түйінді сөздер — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.
2.8 Негізгі мәтін келесі бөлімдерден тұрады:
Кіріспе келесі негізгі элементтерден тұрады:
Тақырыпты таңдауды негіздеу; тақырыптың немесе мәселенің өзектілігі. Тақырыпты таңдауды негіздеу барысында алдыңғы зерттеушілердің тәжірибесін сипаттау негізінде проблемалық жағдайдың бар екендігі көрсетіледі (қандай да бір зерттеулердің болмауы, жаңа нысанның пайда болуы және т.б.).
Тақырыптың өзектілігі осы нысанды зерттеуге деген жалпы қызығушылықпен, бірақ қолда бар сұрақтарға толыққанды жауаптардың болмауымен айқындалады; ол тақырыптың теориялық немесе практикалық маңыздылығымен дәлелденеді.
Осы зерттеудің нысанын, пәнін, мақсатын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдерін, гипотезасын және маңызын айқындау. Зерттеу мақсаты ұсынылған тезисті дәлелдеумен, яғни зерттеу пәнін автор таңдаған қырынан көрсетумен байланысты болуы тиіс.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Әдіснама материалдар мен жұмыс барысының сипаттамасынан, сондай-ақ қолданылған әдістердің толық сипаттамасынан тұруы тиіс. Ғылыми әдіснама келесі тармақтарды қамтуы керек: зерттеу сұрақтары; ұсынылған гипотеза (тезис); зерттеу кезеңдері; зерттеу әдістері.
Зерттеу материалының сипаттамасы немесе баяндалуы оның сапалық және сандық тұрғыдан ұсынылуын қамтиды. Материалдың сипаттамасы – қорытындылар мен зерттеу әдістерінің сенімділігін айқындайтын факторлардың бірі.
Бұл бөлімде мәселенің қалай зерттелгені сипатталады: бұрын жарияланған қорытындыларды қайталамай, егжей-тегжейлі ақпарат беріледі; дереккөздерді сәйкестендіру және жаңадан анықталған мұрағаттық әрі басқа да жазбаша материалдарды сипаттау қолданылады, сонымен қатар материалдар мен әдістерді қолданудағы жаңашылдық міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
· Талқылау бөлімі (әдебиетке шолу) зерттеліп отырған тақырып бойынша іргелі және жаңа еңбектерді, соның ішінде ағылшын тіліндегі шетелдік авторлардың жұмыстарын, олардың ғылыми үлесі тұрғысынан талдауын, сондай-ақ автор өз мақаласында толықтыратын алдыңғы зерттеулердегі олқылықтарды қамтуы тиіс.
Жұмысқа қатысы жоқ көптеген сілтемелердің болуы, автор(лар)дың өз жетістіктері туралы орынсыз пайымдаулар, сондай-ақ авторлардың алдыңғы еңбектеріне негізсіз сілтемелер келтіру ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
Нәтижелер. Бұл мақаланың ең маңызды бөлімдерінің бірі. Бұл бөлімде автор өз зерттеуінің нәтижелерін талдап, оларды алдыңғы еңбектер мен қорытындылармен салыстыруы тиіс. Зерттеу барысында алынған нәтижелер бойынша тұжырымдар беріледі және зерттеу нысанының мәні ашылады.
Қорытынды – осы кезеңдегі жұмысты жалпылау және қорытындылау; автор ұсынған тұжырымның шынайылығын растау және алынған нәтижелерді ескере отырып ғылыми білімнің өзгеруі жөніндегі авторлық түйін. Қорытындылар абстрактілі болмауы тиіс, олар белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін жалпылауға бағытталып, әрі қарайғы жұмыстың ұсыныстары мен перспективаларын сипаттауы қажет.
Қорытындының құрылымы келесі сұрақтарды қамтуы тиіс: зерттеудің мақсаттары мен әдістері қалай іске асырылды? Қандай нәтижелер алынды? Қандай қорытындылар жасалды? Нәтижелерді енгізу мен практикалық қолданудың қандай перспективалары мен мүмкіндіктері бар?
2.9 Әдебиеттер мен дереккөздер тізімі бөлімі.
Әдебиеттер тізімі әліпби ретімен берілген, кемінде 10 әдебиетке немесе дереккөзге сілтемені қамтуы тиіс (түпнұсқа тілінде және тек мәтінде пайдаланылған).
References (сілтеме ағылшын тілінде болмаса, латын графикасындағы транслитерация түрінде беріледі, ал жақша ішінде ағылшын тіліндегі мағынасы көрсетіледі). Егер ол қазақ тілінен аударылған болса, сілтеменің соңында (In Kaz.) деп көрсетіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Транслитерация үдерісін автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыруға болады (http://www.translit.ru). Алайда алынған транслитерация нәтижесі автор тарапынан міндетті түрде қайта тексеріліп, қажетті түзетулер енгізілуі тиіс. (1-қосымшаны қараңыз).
1-қосымша. Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу үлгісі:
Негізгі мәтінде әдебиеттер мен дереккөздерге сілтемелер жақша ішінде беріледі (Аспанова, 2025: 401–408). Библиографиялық тізім мақала соңында 9 кегльмен, нөмірлеусіз, әліпби ретімен беріледі. Мәтіндегі библиографиялық сілтемелер автордың тегі, жарияланған жылы және беті көрсетіле отырып рәсімделуі тиіс (Аспанова, 2025: 401–408).
Егер мақалалар жинағына немесе мұрағаттық материалдарға сілтеме берілсе, автордың тегі орнына жинақтың жауапты редакторының (немесе құрастырушысының) тегі көрсетілуі мүмкін.
Екі автор бірлесіп жазған мақалаларға немесе кітаптарға сілтеме жасағанда, екі автор да көрсетіледі (Ажарова, Андреев, 2016: 96).
Үш немесе одан да көп автор бірлесіп жазған мақалаларға немесе кітаптарға сілтеме жасағанда, бірінші автордың тегі көрсетіліп, «және т.б.» деп жазылады (Касымбекова және т.б., 2019: 99).
Мұрағаттық дереккөздер толық көрсетіледі (ҚР ОМА Қ. 94, Т. 1, Іс 201, П. 87).
Бір автордың бір жылда жарияланған еңбектеріне сілтеме жасағанда, оларды жарияланым жылына a, б, в әріптерін қосу арқылы ажырату қажет (Аманжолова, 2024a: 110) (Аманжолова, 2024б: 270).
Транслитерацияланған әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі:
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі соңында Data/Sources, «Әдебиет», «References» тақырыптарымен беріледі. Әдебиеттер нөмірлеусіз, әліпби ретімен көрсетіледі. Қазақ, орыс және басқа тілдердегі әдебиеттер латын графикасына транслитерацияланып, тік жақшада [...] ағылшын тіліндегі аудармасы беріледі. Басылым орны толық көрсетіледі. М., Л., А., А-А., СПб. сияқты қысқартулар қолданылмайды.
Орыс және қазақ тілдеріндегі сілтемелер ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» стандартына сәйкес рәсімделеді (КОКСОН тізіміне енгізілген басылымдарға қойылатын талаптар).
Интернет-ресурстарға сілтеме жасаған кезде сайт атауы, тақырыбы және қаралған күні көрсетіледі.
ӘДЕБИЕТТЕР
Аскарова, 2024 – Аскарова А. Атты әскер дивизиясының тағдыры // Егемен Қазақстан. – 2024. – 26 қыркүйек (№ 183). – 15–17 бб. [Kaz.]
Бармакова, Қасымова, 2020 – Бармакова А., Қасымова Ж. Жетісулық қайраткерлері. – Алматы: Таугүл-Принт, 2020. – 200 б. [Kaz.]
Андреев, 2011 – Андреев А. Материалдық өркениет, экономика және капитализм. – 1-том. Күнделікті өмір құрылымдары: мүмкін және мүмкін емес. – Мәскеу: Прогресс, 2011. – 623 б. [Eng.]
Аркешев, 2014 – Аркешев И. Тың эпопеясы: алғашқы хрущевтік «супербағдарламаны» әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру // Отандық тарих. – 2014. – № 4. – 109–122 бб. [Russ.]
Транслитерация үлгісі:
References (латын графикасындағы транслитерация)
Алдияров, 2013 – Aldiyarov K. Zavoevanie Kazakhstana tsarskoi Rossiei i bor'ba kazakhskogo naroda za nezavisimost' (iz istorii voenno-kazach'ei kolonizatsii kraya v kontse XVI – nachale XX vv.) [The conquest of Kazakhstan by Tsarist Russia and the struggle of the Kazakh people for independence (from the history of military and Cossack colonization of the region in the late 16th – early 20th centuries)]. – Almaty: Elorda, 2013. – 4 p.
Arsenov, 2017 – Arsenov M. (2017). Zavoevanie Kazakhstana tsarskoi Rossiei i bor'ba kazakhskogo naroda za nezavisimost' (iz istorii voenno-kazach'ei kolonizatsii kraya v kontse XVI – nachale XX vv.) [The conquest of Kazakhstan by Tsarist Russia and the struggle of the Kazakh people for independence (from the history of military and Cossack colonization of the region in the late 16th – early 20th centuries)]. – Astana: Elorda. – 34 p. [in Russ.]
«References» — ағылшын тіліндегі библиографиялық ақпарат, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің транслитерациясы. Бұл бөлімде латын графикасымен жазылмаған пайдаланылған әдебиеттер тізімі латын әліпбиі арқылы транслитерацияланып беріледі.
Одан кейін тік жақшада [...] дәйексөзге алынған еңбектің атауы ағылшын тіліне аударылып, ал соңында тік жақшада құжаттың тілі [қазақ тілінде / орыс тілінде] нұсқасында көрсетіледі.
Кітаптан дәйексөз келтірілген жағдайда баспаның атауы (егер ол мекеме атауы болса) және басылым орны ағылшын тіліне аударылады, ал қалған барлық жағдайларда транслитерацияланады.
Мақалаларды кері қайтарып алу немесе түзету жөніндегі нұсқаулық
Редакциялық алқа мүшелері әдепке қайшы мінез-құлық, плагиат, өзін-өзі плагиаттау, авторлардың шамадан тыс өзін-өзі дәйектеуі, мүдделер қақтығысы белгілері алдын ала белгілі мақалаларды жариялағаны үшін жауапты болады. Егер мақаланы жазу барысында жарияланымдық және/немесе ғылыми этика қағидаттары бұзылған болса, журналдың ғылыми редакторы редакциялық алқа шешімі негізінде жарияланымды ретракциялау рәсімін жүргізуі тиіс. Мақалалар автор(лар) тарапынан немесе журнал редакциясы тарапынан кері қайтарылуы мүмкін. Редакция Committee on Publication Ethics ұсынымдарына сүйене отырып, жарияланымдық және/немесе ғылыми этика бұзылған жағдайда жарияланған мақалаларды алып тастауды (ретракцияны) жүзеге асырады.
Мақала келесі жағдайларда кері қайтарылады / алып тасталады (ретракцияланады):
· алынған деректердің сенімсіз екендігіне немесе олардың заңсыз әрекеттер нәтижесінде алынғанына нақты дәлелдер болған жағдайда, мысалы, деректерді бұрмалау;
· қолжазбаның Natura Scientia Journal журналында жарияланғанға дейін басқа басылымда жарияланғаны анықталған жағдайда;
· мақалада плагиаттың анықталуы, соның ішінде суреттердің, графиктердің, кестелердің және т.б. заңсыз алынуы;
· мақалада басқа ғалымдар мен олардың зерттеулеріне теріс әсер етуі мүмкін өрескел қателердің болуы, мысалы, есептеу қатесі немесе эксперименттік қате;
· мақалаға немесе оның жекелеген бөліктеріне үшінші тұлғалар тарапынан авторлық құқыққа қатысты талаптардың туындауы;
· мақалада жарияланымдық және/немесе ғылыми этика қағидаттарына, стандарттарына және нормаларына қайшы келетін ақпараттың болуы.
Жоғарыда аталған осындай жағдайларда журналдың редакциялық алқасы тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мақала жарияланымнан кері қайтарылуы / алынып тасталуы (ретракциялануы) мүмкін. Ол үшін мақаланы жарияланымнан ретракциялау туралы акт жасалады, ол ғылыми редактор тарапынан расталып, қол қойылады. Актінің көшірмесі хат-хабар алмасуға жауапты авторға жіберіледі.
Осыдан кейін журнал сайтында мақала ретракцияланған деп белгіленіп, себептері көрсетіледі. Редакция мақаланы алып тастау (ретракциялау) туралы ақпаратты журнал сайтының басты бетінде жариялайды және мақалаға ретракция рәсімі жүргізілгеннен кейін бұл ақпаратты журналдың келесі санында орналастырады.
Natura Scientia Journal редакциясы жарияланған сандарда анықталған бұзушылықтар бойынша барлық негізделген өтініштерді жауапкершілікпен, объективті және мұқият қарайды.
Редакция авторлар мен рецензенттердің материал жарияланғаннан кейін анықталған қателер мен бұзушылықтар туралы редакцияға мүмкіндігінше жедел хабарлауын олардың жауапкершілігі мен міндеті деп есептейді.



