2020-2024 жж. Жайсан көлінің негізгі гидрохимиялық сипаттамасы

Авторлар

  • А.М. Касымханов Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай бөлімшесі, Өскемен қ., Қазақстан
  • Г.С. Қрықпаева «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай бөлімшесі, Өскемен қ., Қазақстан
  • С.Е. Базаров Алтайский филиал ТОО «Научно-производственный центр рыбного хозяйства»
  • Т.Н. Самарханов Астана халықаралық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.62687/NSJ.1.1.2025.3

Кілт сөздер:

гидрохимия, Жайсан көлі, еріген газдар, биогенді қосылыстар, органикалық заттар, судың минералдануы.

Аңдатпа

Осы мақала Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі әрі маңызды су айдындарының бірі – Жайсан көлінің гидрохимиялық сипаттамаларына кешенді талдау жүргізуге арналған. Мақалада 2024 жылдың көктемгі және күзгі маусымдарында жүргізілген далалық зерттеу нәтижелері ұсынылып, олар 2020–2023 жылдардағы мәліметтермен салыстырмалы түрде талданды. Ерекше назар еріген газдардың, биогенді қосындылардың, органикалық заттардың және судың минералдану деңгейінің динамикасын зерттеуге аударылды. Су сынамалары Тарбағатай және Күршім жағалауларындағы бекеттерде алынып, стандартты гидрохимиялық әдістерді қолдана отырып зертханалық жағдайда талданды. Сонымен қатар, алынған көрсеткіштерге маусымдық (қысқа мерзімді) және көпжылдық (ұзақ мерзімді) өзгерістерді анықтау мақсатында салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, Жайсан көлінің гидрохимиялық режимі тұрақтылығымен сипатталады және балық шаруашылығы су айдындары үшін белгіленген нормативтерге сәйкес келеді. Еріген оттегінің концентрациясы жоғарылауы, минералдану деңгейінің алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендегені және биогенді заттар мөлшерінің біршама ауытқуы тіркелді. Су ортасының реакциясы сәл сілтілі, органикалық заттардың мөлшері төмен деңгейде. Иондық құрылымы бойынша көл гидрокарбонатты санатына, кальций тобына жататыны анықталды. Алынған мәліметтер гидробионттар тіршілігіне қолайлы жағдай жасалғанын және кешенді мониторингті жалғастыру қажеттілігін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • А.М. Касымханов, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай бөлімшесі, Өскемен қ., Қазақстан

    биология магистрі, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай бөлімшесінің директоры м.а., Өскемен қ., Қазақстан

    e-mail: kasymhanov@fishrpc.kz, https://orcid.org/0000-0003-3132-4668

  • Г.С. Қрықпаева, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай бөлімшесі, Өскемен қ., Қазақстан

    докторант,  «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай бөлімшесінің ғылыми қызметкері, Өскемен қ., Қазақстан

  • С.Е. Базаров, Алтайский филиал ТОО «Научно-производственный центр рыбного хозяйства»

     

    жаратылыстану ғылымдарының магистрі, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай бөлімшесінің экспедициялық жасақ басшысы, Өскемен қ., Қазақстан

  • Т.Н. Самарханов, Астана халықаралық университеті

    PhD, Астана халықаралық университетінің қауымдастырылған профессорының м.а., Астана қ. e-mail: talant.68@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4891-8278 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи